imankul-nur@mail.ru/ March 19, 2021/ Жаңалыктар/ 0 comments

Бүгін Шымкент қалалық Әдет – ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесі қарсаңында жастарға ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында «Ұлттық ойын – ұрпақты шыңдайды» атты іс-шара өтті. Шараға қаламыздағы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері және қаламыздағы бірқатар мектеп оқушылары қатысты.
Балалар «АРҚАН ТАРТЫС», «БЕСТАС», «ТЕППЕ» (ЛӘҢГІ), «АСЫҚ ОЙЫНДАРЫ», «АСАУ МӘСТЕК», «МЕШКЕЙ» сынды ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті. Бұл ойын түрлерін бүгінгі балалардың көбі біле бермейді. Сайысқа түскен жастардың қызығушылығы мен белсенділігінде шек жоқ. Іс-шара соңында топ жарған жеңімпаздар алғыс хатпен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.
Біздің университеттің “Дизайн” білім беру бағдарламасының білім алушыларымыз – Жойбар Абылайхан мен Құрақбай Нұргүлді марапаттарымен құттықтаймыз!
Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*