imankul-nur@mail.ru/ May 7, 2020/ Жаңалыктар/ 0 comments

Құрметті Мақтааралдықтар! Сардоба су бөгетін шу шаюының нәтижесінде орын алып отырған су тасқынының салдарын көріп, естіп отырмыз. Жанымыз ауырып, жүрегіміз сыздады. Жер жаһанда каровирус пандемиясы таралу қаупі сейілмей, жығылғанға жұдырық болып, Сіздердің бастарыңызға түскен қиындықтарды да көз көрді. Осындай қиын және сыни сағаттарда сағымыз сынбай, бір-бірімізді демеп,көмек қолын созсақ, бірігіп біз бұл қиындықтарды да еңсереміз. Халықаралық гуманитарлық техникалық университет ұжымы-Сіздерге көмек көрсетуге әзір. Біз сіздермен біргеміз. Мақтарал ауданының биылғы мектеп бітіруші түлектерді арнайы жеңілдіктермен,өздері қалаған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдап, жатақханамен қамтамасыз ететінімізді мәлімдейміз.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*