imankul-nur@mail.ru/ March 14, 2021/ Жаңалыктар/ 0 comments

Бүгін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің бастауы саналатын, жұртымыздың жыл жаңарғанда тойлайтын дәстүрлі мерекесі «Көрісу күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті. Шараға Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті тәрбие істері жөніндегі проректоры Н.Ш.Хайдаровтың басшылығымен бір топ белсенді білім алушылар да қатысты. Шарада ұлттық киімдегі аттылы жаршылар «Наурыз» келгені жөнінде хабарлап, шашу шашты. Өнерпаздар жиналған қауымды дәстүрлі өнермен сусындатып, орталық қызметкерлері көрініс көрсетті. Қазанға наурыз көжеге қосылатын жеті түрлі дәнді-дақыл салынып, ақ жаулықты әжелеріміз көженің дайындалу жолымен бөлісті. Қала тұрғындарына арнайы ақ дастархан жайылып, наурыз көже таратылды.
Іс-шараның ортасында жүрген студенттер наурыз көженің жасалу жолымен, амал күнінің маңыздылығымен етене танысты.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*