Халықаралық гуманитарлық-техникалық университет тарихы

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті  алғаш рет 1998 жылдың 8 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан университеті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып тіркелген (куәлігі 8046-1958-ЖШС). 2003 жылы құрылтайшылардың бірі ретінде  РФ БМ және ҚР БжҒМ арасында Мәскеу мемлекеттік ашық университеті (МГОУ, Ресей, Мәскеу), қатысуымен  бірлескен кәсіпорын құру туралы  келісім-шарт жасалды.  Соның нәтижесінде 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінен атауы  Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті болып өзгертілді (ХГТУ, Казахстан, Шымкент қ.).

Оқу орны 2003 жылы  ҚР БжҒМ-де лицензияланған және аттестатталған (№000364, бұйрық № 315). Университет 2018ж. 21 мамыр – 2020ж. 21 мамыр мерзіміне дейін институционалдық аккредиттеуден өтті.

Қазіргі таңда университеттің ректоры қызметін т.ғ.к., ҚР ҰҒА профессоры А.С.Ажидинов атқарып келеді. Университет оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, ғылыми зерттеулер  базасын кеңейту негізінде, жоғары сапалы білім беру қызметтерін кеңейтілген түрде жүргізеді. Университет түлектері жұмыспен қамту және еңбек  нарығында еркін бәсекеге ие. Біздің түлектер Қазақстан мен шет елдердегі білім беру жүйесінің алдыңғы қатарлы мекемелерінде жұмыс  атқаруда. Оқу орнының қалыптасуы мен дамуы 21 жыл ішінде алтын әріптермен тарих беттерінен орын алып келеді. Қазіргі уақытта Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті (мемлекеттік лицензия АБ №0137473 және ЖОО коды-137) білім беру ұйымдары, өндірістік кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу және мәдени-әлеуметтік мекемелерінің кәсіби мамандарын  дайындайды. Білім ордасы екі деңгейлі жүйе бойынша, яғни:  гуманитарлық–техникалық оқу бағдарламасы бойынша 28 бакалавриат және 7  магистратура бойынша мамандар  дайындайды. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті маман даярлауда халықаралық деңгейдегі озық технология, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып, қазіргі заман талабына сай, білім мен ғылымның инновациялық дамуын алға қойып отырған алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі. Білім беру жүйесі үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жоғары жаңа технологияларды пайдалану арқылы жүргізіледі. Профессорлар мен оқытушылар құрамында 60% – академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары, доценттер және профессорлар бар.  Университеттің бірнеше профессор-оқытушылары, атап айтсақ: б.ғ.д., профессор Ә.Н.Халила-2008жылы, а-ш.ғ.к. Г.Б.Қылышбаева-2009 жылы, т.ғ.к.,доцент Е.И. Қыстаубаев-2014жылы, х.ғ.к.,доцент А.Жылысбаева- 2009,2015жылдары, э.ғ.к.,доцент М.Ускенов-2009жылы, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі тарапынан «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының Грант иегерлері атанды.

Университетте қазіргі таңда 3 факультет, 8 кафедра, әскери дайындық кафедрасы, тіл курстары, «Бизнес – start-up», «Coworking» жұмыс жасайды. Университеттің материалды-техникалық базасы жақсы жасақталған, университетте 3 оқу ғимараты бар. Ғимараттарда: студенттік жатақхана, дәрігерлік пункт,  асхана, кітапхана, спорт және  мәжіліс залы орналасқан. Университетте жетім балалар үшін – 20%-дан 100% дейін, көп балалы отбасыларға -15%, Үздік куәлік аттестатпен келгендер үшін  – 20%, құрылтайшы гранты  – 100%, оқу төлем-ақысын бірден толық төлегенде – 10%, ҰБТ-ден  жоғары жинаған талапкерлерге ( күндізгі оқу түрінде оқитын студенттерге) жеңілдіктер қарастырылған.

Халықаралық гуманитарлық – техникалық уни верситетінде қос дипломды білім беру бағдарламасы жұмыс істейді.

 Университет қабырғасында 2017 жылғы Универсиада ойындарының Фристайл-акробатика спорт түрінің жеңімпазы  Б.Іңкәрбек, ережесіз жекпе-жектен әлемнің 3 дүркін чемпионы А.Оспанов, 2018ж. Азия ойындарының жеңімпаздары ағайынды С.Емельянов, Т.Емельянов, Т.Хайдаров, И.Голендов, О.Ананченко және т.б тұлғалар білім алған.

Халықаралық ынтымақтастық Болон процесінің  негізгі міндетіне сәйкес негізгі бағыттарымен  қарқынды дамып келеді.

ХГТУ түлектері еңбек нарығындағы өзгермелі  жағадайларында тез бейімделе алатын   жоғары кәсіби біліктілікке ие, осыған орай жоғары дәрежеде жұмыспен қамтылған. ХГТУ-дың  негізгі бағыты жеке әлеуетін ашу, дамыту, өзін-өзі жетілдіру, республикалық және халықаралық деңгейлерде университеттің  озық позициялауын қамтамасыз ету.  Болашаққа сенімді қадам басу-білікті маман, білімді ұрпақ тәрбиелеуден басталады деген қағиданы ұстанған жоғары оқу орны халықаралық байланысты нығайту арқылы әлем университеттерінің озық тәжірибелерін білім беруде оқу үрдісіне енгізіп, Қазақстанға ғана емес, дүние жүзіне танымал білім ордасына айналуды көздейді. 

 

ХГТУ-дің шешуші құндылықтары:

  • Тұлғаға құрмет;

  • Адалдық;

  • Сапа;

  • Үздіксіз даму;

  • Академиялық еркіндік.

Бұл құндылықтар университеттің  ұжымдық мәдениетінің негізі болып табылады, біздің жоғары оқу орнымыздың өткен ұрпақ қызметкерлері мен білім алушыларының күш-жігерімен салынған.

Тұлғаға құрмет: университеттің негізгі құндылығы – білім алушылар мен қызметкерлер. Тұлғаға, оның мүддесіне құрмет, әрбірінің шығармашылық және ғылыми потенциалын дамыту – біздің мақсатымыз.

Адалдық: Біз өзімізге, жұмысымызға, университетке, әріптестерімізге және білім алушыларға адал және лайықты боламыз . Университет беделі мен оның құндылықтары жеке пайдадан әрдайым жоғары тұрады.

Сапа: біз университет түлектеріне кәсіптік білімнің және кәсіпкерлік дағдының жоғары деңгейін қалыптастыруға, көпсегментті еңбек нарығының сұранысын барынша толық қанағаттандыруға, бір жағынан, және де жоғары мектеп тұтынушыларының білім беру сапасына деген жаңа көзқарасын қалыптастыруға, екінші жағынан, ұмтыламыз.

Үздіксіз даму: бәсекеге қабілетті тұлғаны гармониялық дамыту үшін мүмкіндіктер ашу

Академиялық еркіндік: біз ақпарат алмасуда, өз идеяларын таңдауда, өз идеяларымызды дамытуда және өз іс-әрекетімізді анықтауда, қол жеткілізген  нәтижеге жеке жауапкершіліктің жоғары екендігін сезіне отырып еркін  іс-әрекет жасаймыз.

Share this Page