08.01.-16.01.2020ж аралығында ХГТУ-де «Педагогикалық шеберлікті арттыру мектебі» атты оқыту әдістемелік семинар ұйымдастырылып өткізілді. Оқыту әдістемелік семинардың мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеті: Инновациялық технологияларды қолдана отырып, интерактивті сабақтары өткізу және меңгерудегі оқытушылардың әдістемелік біліктілігін арттыру. Жас мамандарға әдістемелік көмек ұйымдастыру.
Семинарға Н.А.Азбердиева «Өрлеу» БАҰОАҚФ Түркістан облысының Шымкент қаласы, Ж.Ж.Утебаева «Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің білікті мамандары келіп дәріс оқыды. Сонымен бірге «Студентке бағдарлы оқыту: қазіргі заманғы тәсілдер мен құралдар» тақырыбында ХГТУ-нің ректоры т.ғ.к., А.С. Ажидинов, «Студцентристік парадигмаға көшу» тақырыбында химия, биология және экология кафедрасының а/ш ғ.к., Г.Б.Қылышбаева, «Сабақ процесінде дамыта оқыту технологиясын пайдалану жолдары» тақырыбында педагогика кафедрасының п.ғ.к., доценті Бегман Ысқақ дәріс жүргізді.