Ақпараттық хат

Ақпараттық хат

     Орталық Азия Инновация университетті Халықаралық гуманитарлық техникалық институтының, ұйымдастыруымен 2021 жылдың 14 – 15 мамырында  Ы. Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған « Ұлттың ұлы ұстазы және заманауи білім » атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізеді.

  Конференцияның мақсаты: Ұлттың ұлы ұстазы Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары мен заманауи білім берудің қазіргі таңдағы   мәселелері және оны шешу жолдары туралы ұсыныстар. Оның  ғылыми-теориялық, педагогикалық негіздерін нығайту,  білім берудің үздік тәжірибелерімен бөлісу. Тәуелсіздік алғаннан бері пайда болған мәселелер мен оны шешуге  арналған озық инновациялық технологияларды қолдану.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  • Секция. Жоғары білікті мамандарды сапалы даярлау ісін жүзеге асыру;

  • Секция. Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі; 

  • Секция. Филология және мәдениетаралық коммуникацияның өзекті мәселелері;

  • Секция. Тәуелсіз Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік және экономикалық реформалар: тарихы және қорытындылары;

  • Секция. Білім беру мен қолданбалы зерттеулердегі жаңа жаратылыстану және әлеуметтік-қоғамдық технологиялар Новые естественные и общественно-социальные технологии в образовательных и прикладных исследованиях

  • Секция. Тұрақты экономикалық даму: пандемия жағдайындағы бизнес-технологиялардың заманауи тенденциялары мен стратегиялары Устойчивое развитие экономики: современные тренды и стратегии бизнес-технологий в условиях пандемии

  • Секция. Ы. Алтынсарин – ұлттың ұлы ұстазы

 Конференцияны жүргізу формасы:  сырттай қатысу

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Көлемі 3-8 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman» – 11. Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 2, оң жағы – 2 см. Аралық интервал – бір. Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер автордың аты, жылы, қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (Манкеева, 1991:256). Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Конференцияның мақалалар жинағы PDF форматта  шығарылады. Мақала антиплагиатқа тексеріледі.

Конференцияның жүргізілу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

 Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2021 жылдың 10  мамырына  дейін.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы және байланыс телефондары:

Конференцияның өтетін орны: Қалыпты және ZOOM платформасында

Конференция идентификаторы :

Кіру коды:

 Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 160000, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов  көшесі, 80 А. Орнталық Азия Инновациялық университетінің Халықаралық гуманитарлық техникалық институты,   – 203 каб. Сот. +7(701)6219499, 87059640444, е-mail: musabek_kz@mail.ru

Ұйымдастыру комитеті

Конференцияға өтінішті толтыру:

Аты-жөні (толық)___________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ____________________________________

Лауазымы: ________________________________________________________

Ұйымның  атауы: __________________________________________________

Байланыс телефоны: ________________________________________________

 E-mail ____________________________________________________________

Мақала тақырыбы:__________________________________________________

Share this Page