imankul-nur@mail.ru/ March 13, 2021/ Жаңалыктар/ 0 comments

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейлі мерекесі қарсаңында Халықаралық гуманитарлық – техникалық университеті – университетіміздің аруын таңдау мақсатында «ХГТУ  АРУЫ – 2021» байқауын ұйымдастырған болатын. Байқау 5 кезеңнен тұрды. Байқауға қатысушы арулардың барлығы дерлік  университеттің 1 – курс білім алушылары болғанын да айтып өту керек. Байқауға әділ бағасын беруші қазылар алқасының мүшелері Шымкент қалалық Әдет – ғұрып және салт – дәстүр орталығы, Шымкент қалалық жасөспірімдер және қуыршақ театры, сонымен бірге университеттің проректорлары төрелік етті.

Байқау нәтижесінде «КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ» номинациясы –Жаратылыстану – техникалық және спорт факультетінің Дизайн білім беру бағдарламасының  1 – курс білім алушысы ҒАЛЫМОВА НЕСІБЕЛІ ЕРЛАНҚЫЗЫНА бұйырса, «ҚЫЛЫҚТЫ АРУ» номинациясымен ҮСЕН ТАҢНҰРЫ  ҚАЛМҰРАТҚЫЗЫ  марапатталды. Таңнұры – «Эконгомика және педагогика» факультетінің « Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 – курс білім алушысы.

«ЖҰЛДЫЗДЫ АРУ» номинациясымен «Экономика және педагогика факультеті»  Бастауыш оқыту әдестемесі мамандығының 1 – курс студентті – БАТЫРБЕК  АРУЖАН АМАНӘЛІҚЫЗЫ  марапатталды.

Жүлделі ІІІ – ОРЫНДЫ  ЖУМАНАЗАРОВА МӨЛДІР ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ Жаратылыстану-техникалық  және спорт факультетінің «Физика және информатика» мамандығының 1 – курс студентті жеңіп алды.

Жүлделі ІІ – ОРЫНДЫ « Экономика және  педагогика» факультетінің Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 1 – курс білім алушысы  КӨПБОСЫН ГҮЛНАЗ БАТЫРБЕКҚЫЗЫ иеленді.

ХГТУ – АРУЫ – «Жаратылыстану – техникалық  және спорт» факультетінің,  «Денешынықтыру» білім беру бағдарламасының 1-курс білім алушысы – ОРЫНБАЕВА ДИАНА  атанды.

ЖЕҢІМПАЗ АРУЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*