Дүйсенов Нұрзақ Жезтайұлы

1978 жылы 27 қарашада бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас ауданы, Шалдар совхозында дүниеге келген.

1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас ауданы, Екпінді ауылының орта мектебіне 1-сыныпқа оқуға барып, 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Темір ауылының Темір орта мектебін үздік аттестатпен аяқтаған.

1996 жылы Шымкент қаласында орналасқан Оңтүстік Қазақстан техникалық университетіне «Қолданбалы математика» мамандығына оқуға түсіп, аталған мамандық бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін 2000 жылы аяқтап, Математик-программист біліктілігін алған.

 2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне «Қолданбалы математика»мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2002 жылы Математика магистры академиялық дәрежесін алып аяқтаған.

2000 жылдың 25 тамызынан бастап 2009 жылдың тамызына дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» кафедрасында, оқытушы, аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы қызметтерде болған. Сонымен қатар 2001 жылдан 2007 жылдар аралығында «Ақпараттық технологиялар және энергетика» факультетінің декан орынбасары болып қызмет атқарған.

2009 жылдың қаңтарынан бастап, 2012 жылдың ақпан айлары аралығында Мирас университетінің «Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

2012 жылдан 2018 жылдар аралығында Мирас университетінің Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарған.

2019 жылдың тамыз айынан бастап 2020 жылдың ақпан айлары аралығында Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінде «Техника және ақпараттандыру» кафедрасының меңгерушісі қызметінде болған.

Бүгінгі таңда, 2020 жылдың ақпан айынан бастап Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінде университетінің Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқаруда.

Үйленген, 3 баланы тәрбиелеуде.

Share this Page