imankul-nur@mail.ru/ December 2, 2020/ Жаңалыктар/ 0 comments

Университетімізде  «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»        конкурсының бірінші кезеңі болып өтті

 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының университетішілік бірінші кезеңі ағымдағы жылдың 30-қараша күніне дейін жалғасты. Оқу орнымызда 187 штаттық профессор-оқытушылар құрамы жұмыс атқаратын болғандықтан, конкурстың Республикалық 2-кезеңіне жеңімпаз ретінде ереже бойынша 4 профессор-оқытушылардың қатысуға мүмкіндігі бар.

Университетте өткізілетін аталған конкурстың жеңімпаздарын анықтау мақсатында сараптамалық топқа төмендегі комиссия құрамы бекітілді.

  1. Досжан. Р – Тілдер кафедрасының профессоры, комиссия төрағасы;

  2. Сыздықов Б. Ш.-ҒЗО меңгерушісі;

  3. Ысқақ Бегман – «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі;

  4. Оспанова Р. Ж. – Техника және ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі;

  5. Ниязов А. К. – «Өнер» кафедрасының меңгерушісі.

          Конкурсқа іріктелген құжаттарды қайта қарап шығу мақсатында төмендегі профессор-оқытушы құрамынан комиссия бекітілді.

  1. Балабекова Д. Б.

  2. Жакипбекова Б. А.

  3. Утешова А.Ж.

         Жоғарыда аталған комиссия құрамы университеттің конкурсқа қатысуға тілек білдірген профессор-оқытушылар құрамынан университетішілік конкурс жеңімпаздары «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беруге үміткерлердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері негізінде жоғары балл жинаған үміткерлерден іріктелініп алынды. Олар ғылыми-педагогикалық еңбек өтілдері 25 жылдан жоғары болған төмендегі профессор-оқытушылар:

  1. Қылышбаева Г.Б.

  2. Жаналиева Р. Н.

  3. Ақылбаев М. И.

 Университетішілік конкурс жеңімпаздары Республикалық конкурстың екінші кезеңіне ұсынылып, құжаттарын жіберді.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*