imankul-nur@mail.ru/ April 6, 2021/ Жаңалыктар/ 0 comments

Өз дәуірінің ұлы жыршысы, қазақ халқының біртуар перзенті Жамбыл Жабаевтың дүниеге келгеніне 175 жыл толу мерекесіне орай, Орталық азия инновациялық университеті, «Экономика және педагогика» факультеті  Тілдер кафедрасынының оқытушысы  Томарбаева Салтанат Тойлыбайқызының ұйымдастыруымен «ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ» атты әдеби-сазды, ғылыми танымдық шара өтті. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезін және ақындық-жыраулық өнерін насихаттау. Мәдени шарада Жамбыл Жабаевтың өмірі, шығармашылығы толық баяндалды. Кеш барысында білім алушы жас ақындар Жамбыл Жабаевқа өлең арнап, кейбірі аталмыш тұлғаның өлеңдерін үш тілде оқыды. Бұдан бөлек, шара барысында қатысушы көрермен арасында викториналық сұрақтар беріліп,сұраққа дұрыс жауап берген көрерменге арнайы кәдесый тартылды. Шара соңында, Университет президентінің кеңесшісі Айғаным Тұрдықызы сөз алып, барлық қатысушылар мен көрермендерді құттықтады. Сонымен бірге, іс- шарада белсенділік танытқан білім алушыларға арнайы Алғыс хат ұсынылып, марапатталды.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*