imankul-nur@mail.ru/ March 15, 2021/ Жаңалыктар/ 0 comments

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті «Жаратылыстану-техникалық және спорт» факультеті «Дизайн» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы,ҚР Мәдениет қайраткері БАТУХАН БАЙМЕННІҢ ағымдағы жылдың наурыз айында, Алматы қаласындаҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналғанжеке көрмесінің көрсетілімі болып өтті.Отандық графиканың дамуына зор үлес қосқан Батухан Байменнің Қазақстанның ең ірі заманауи график-суретшілерінің бірі, линогравюраның новаторы екені баршамызға белгілі.Оның графикалық туындылары ауқымдылығымен, ойының кемелділігімен, бірегей дала бояуымен ерекшеленеді.
Көрмеге суретшінің 70 жуық графикалық жұмыстары қойылды. Бұл жаңа жұмыстар мен соңғы онжылдықтағы таңдаулы туындылар. Ұсынылған гравюралардағы виртуозды техника мен композиция шеберлігі таңқалдарады.Ол өзінің жеке көзқарасы мен өзіндік шығармашылық қолтаңбасымен ерекшеленеді. Суретші Қазақстанның көне және жаңа тарихына тоқтала отырып, туындыларында ежелгі түркілердің тарихын, көшпенділер әлемін, сондай-ақ адам мен оның өмірі және тағы көптеген тақырыптарды бейнелейді. Шығармаларының өзіндік құрылымын метафоралық, символикалық немесе аллегориялық сюжеттермен жасайды. Сөйтіп, әр тақырыпқа ерекше көркем-бейнелік тіл табады. Мысалы, «Түркілер» (2015), «Көшпенділер», «Ұлы дала», «Абылай ханның түсі», «Соңғы ойын», «Тоқырау» (2018), «Зұлмат», «Ұмай ана», «Оспан батыр», Соңғы Nomad (2019), «Атақ қуалау», «Жеңімпаз», «Табыну», «Самғау» (2020), «Аң стилі» (2021) топтамаларында ол драмалық оқиғалар мен ащы шындыққа толы әлемге қарайтын бақылаушының өткір, сезімтал және ақылды көзқарасын бейнелейді.Б. Баймен тек майталман суретші ғана емес, сонымен қатар, қоғам қайраткері, бірнеше рет қалалық кеңестің Бас суретшісі және қала құрылыс кеңесінің мүшесі болды. Ол көптеген медальдар, дипломдар мен Құрмет грамоталары марапаттауларының иегері.

Share this Post

Leave a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*
*